Биыл еліміздің медициналық ұйымдарында 565 шетелдік емделді

Биыл еліміздің медициналық ұйымдарында 565 шетелдік емделді
Сурет: Halyq-uni.kz

Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

«Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелеріне сәйкес, 2022 жылы еліміздің медициналық ұйымдарында 3 970 пациент (шетелдік) ем алды. Олардың 93 пайызы (3 298 адам) – шұғыл және 17 пайызы (672 адам) жоспарлы түрде емделді», - деп атап өтті министрліктен.

Ведомство дерегіне қарағанда, 2021 жылы еліміздің медициналық ұйымдарынан 4 847 шетелдік, оның ішінде 4 320 адам – шұғыл, ал 527 адам жоспарлы түрде ем алып шыққан.

«2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің медициналық ұйымдарынан 565 шетелдік, оның ішінде 463 адам – шұғыл, ал 102 адам жоспарлы түрде емделді», - деді министрліктен.