БҰҰ басшысы Путиннен шабуылды тоқтатуды сұрады

БҰҰ басшысы Путиннен шабуылды тоқтатуды сұрады
Сурет: Novamakedonija.com.mk

Бейбітшілікке мүмкіндік беруін сұрады.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей Президенті Владимир Путиннен ресейлік әскердің Украинаға шабуылын тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Rbc.ru сілтеме жасап. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін бір аптада екінші рет жиналды. Сессиядан үзінділер ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

«Мен бір нәрсені шын жүрегіммен сұраймын: Президент Путин, әскерлеріңіздің Украинаға шабуыл жасауын тоқтатыңыз, бейбітшілікке мүмкіндік беріңіз», - деді Гутерриш.

Осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін, Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын айтқан болатын.