Төрт пайыздық несиемен қандай көлік алуға болады?

Төрт пайыздық несиемен қандай көлік алуға болады?
Сурет: Inbusiness.kz

Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автокредит берілмейді.

4 пайыздық автонесиелеу бағдарламасы аясында 10 миллион теңгеге дейінгі көлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал одан қымбат болса, қажетті соманы рәсімдеп, үстінен төлеуге мүмкіндік бар.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты.

«Бүгін таңертең жеңілдетілген автокредит тек белгілі бір модельдерге ғана беріледі деген ақпаратты көрдік. Бұл – фейк ақпарат. Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал алып жатқан көлігіңіз одан қымбат болса, сіз 10 миллионның үстінен қажетті соманы өз қалтаңыздан төлейсіз», - деді Қарабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді.

«Автонесие барлық модельдерге беріледі. Бірақ ең қымбат модельдер бар. Мысалы, Hyundai Palisade сияқты көліктер сатылады. Ондай көліктерге жеңілдетілген несие берілмейді. 25 миллионға жағдайы бар кісілер өз ақшасына алсын», - деп атап көрсетті Қарабаев.