Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде өзгерістер болды

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде өзгерістер болды Сурет: Top-news.kz

Әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды.


Қазақстан Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі  өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды", - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға өсіп, арттырылған мөлшерде тағайындалады деп күтілуде.


Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалуы жоспарлануда.


Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5%-ға артты.


Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09