Биыл Алматыда көше жарығы 85%-ға жаңарады

Биыл Алматыда көше жарығы 85%-ға жаңарады
almaty-akshamy.kz

Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі сыртқы көше жарығы. Жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер аудандық әкімдіктерге берілді. Өткен жылдың қараша айында аудан әкімдігі «Алматы Қала Жарық» компаниясымен шарт жасасты.

  • Нәтижесінде, 3 айда жөндеу бригадалары 515 өтінімді пысықтап, 150 бақша-саябақ шамдарын ауыстырды, 1050 энергия үнемдейтін LED-шамдар орнатылды, 5 қоғамдық кеңістік аумақтарында (28 панфиловшылар саябағы, Кіші Алматы өзенінің жағалауы) жарықтандыру қалпына келтірілді.
  • 2024 жылы 42 көше бойынша сыртқы жарықтандыру желісін  жаңарады.
  • 90 бау-бақша серіктестігінде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға қосымша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2024 жылдың II-ші тоқсанында алу көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда көше жарығы осы жылы 85%-ға, 2025 жылдың соңына дейін 100%-ға қалпына келтіріледі