Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді
Сурет: Тwitter.com

Украина, Беларусь және Ресейдің өкілдері лауреат атанды.

Сыйлықты Беларусь елінің құқық қорғаушысы Алесь Беляцкий, Украинаның «Азаматтардың бостандығы орталығы» ұйымы мен ресейлік «Мемориал» құқық қорғау орталығы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Нобель сыйлығының жаңа лауреаттары өз елдерінде азаматтық қоғам, еркіндік пен адамның бостандығы үшін күресіп келеді. Сол себептен оларға сыйлық берілді. Олар Ресей, Украина мен Беларусть билігіндегі сыбайлас жемқорлықты, билікті асыра пайдалануды дәлелдеп, хатқа түсірген. Сондай-ақ олар әскери қылмыстың бетін ашып,  адамның сөз бостандығы мен конституциялық құқықтары бұзылған жағдайларды анықтаған», –  делінген Нобель комитетінің әлеуметтік желідегі материалында.