Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның екінші ракеткасы Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Б.Жұқаев 187-ден 186-ға көтерілді.

Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина – 56, Е.Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.