Бесінші сынып оқушысы жанып жатқан үйден төрт баланы құтқарды

Бесінші сынып оқушысы жанып жатқан үйден төрт баланы құтқарды
Cурет: Egemen.kz

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты

Қостанайда бесінші сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден балаларды аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қостанай облысының ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай 2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанайдағы «Садовод» с/қ аумағында өрт туралы қоңырау келіп түскен. Өрт куәгері Қостанайдағы «Садовод» с/қ-ның өртеніп жатқанын хабарлапты.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 6 адам тұратын тұрғын үй құрылысы 60 шаршы метр алаңы отқа оранды. Оқиға кезінде үйде ешкімнің болмағаны анықталды. Бұл күні «Садовод» с/қ-да тұратын Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Пирог Олег көшеде ойнап жүріп көрші саяжай үйінен қалың түтінді көрген. Олег мұнда көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар, үлкен қыз 8 жаста, ал кіші Асла небәрі 2 жаста екенін білді. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол түтіндеген үй-жайдың ішіне терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен 4 баланы көшеге шығарды»,-делінген хабарламада.

Бұл уақытта үйде ата-аналар болған жоқ, олар пешті тұтатып, дүкенге шығып кеткен болатын.

Ата-аналар келгенге дейін құтқарылған балалар көршілерінде болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

«Оқиға орнында 4 бірлік техника, 17 адам өрт сөндіру қызметі және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты»,-делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті 12:07-де оқшаулап, көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жойды. Сағат 12:28-де өрт сөндірілді.
Өрттің болжамды себебі-пешті дұрыс пайдаланбау.