Бесінші сәуірге арналаған ауа райы болжамы

Бесінші  сәуірге арналаған ауа райы болжамы
Сурет: Dekorimage.ru

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» мамандары ау райы қандай боллатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте, батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.