Бауырлас елдердің рухани байланыстары дамып келеді

Бауырлас елдердің рухани байланыстары дамып келеді
almaty-akshamy.kz

Соңғы жылдары Түркі елдерінің руханият саласындағы байланыстары жаңа деңгейге шықты. Оның жарқын бір мысалы, жуырда Түркия Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Казым Арыжанның Қазақстанға арнай сапарлап келуі, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.

Профессор, доктор Мұса Казым Арыжанның Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты да руханият саласындағы байланыстарды тереңдету. Осы орайда 16 қыркүйекте Мұса Казым Арыжан мырза ТҮРКСОЙ Қазақстан Жазушылар қауымдастығының президенті Ұлықбек Есдәулетпен кездесті.  Қос тарап Сезай Каракоч, Расим Өзденөрен, Джемиль Мерич сияқты атақты түрік жазушыларының еңбектері қазақ тіліне аударылатыны туралы уағдаласты. Сондай-ақ, түрік жазушысы Мехмет Акиф Ерсойдың туғанына 150 жыл толуына орай жоспарланған мерекелік шара туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Әдебиет пен мәдениет саласындағы, сондай-ақ рухани-ағартушылық және жалпы гуманитарлық мәселелердегі әріптестік пен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов пен Түркия Жазушылар одағының Төрағасы Мұса Казым Арыжан қол қойды.

Білім беру және ғылым саласы да назардан тыс қалмады. Білім беру мен ғылыми-зерттеу салаларында ынтымақтастық туралы меморандумға Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті ректоры Мұса Казым Арыжан мен ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария  арасында білім беру мен ғылыми-зерттеу салаларында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, еліміздің жетекші университеттері Әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен Алматы бизнес университеттерімен білім беру саласында ынтымақтастық орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.

Мұса Казым Арыжан Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Дәстүр мен заманауи үдерістер арасындағы Түркі жастары мен болашағы» тақырыбында семинары өтті. Семинарға институт басшысы доктор Суат Бейлур мырза, «Alatau Aqparat» ЖШС бас директоры Ержан Қалымбайұлы және институттың ғылыми қызметкерлері қатысты. Шара соңында Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты арасында байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды.