Бас мүфти ірі қалаларда халал қасапхана салуды тапсырды

Бас мүфти ірі қалаларда халал қасапхана салуды тапсырды
Сурет: Youtube.com

Бұл туралы ол Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.

Мал союға арналған арнайы орындар ҚМДБ өкілдіктеріне қарайды. Ортақ жобаны осы жылдың соңына дейін әзірлеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді.

«Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды одан әрі жетілдіруіміз керек. Алдағы Құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім», - деді Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы 2022 жылдың соңына дейін әр қалада жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешуді және «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемелеріне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырды.