Мамандар Алматыдағы ірі есірткі зертханасын жойды

Мамандар Алматыдағы ірі есірткі зертханасын жойды
Сурет: Gov.kz

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

ҰҚК мамандары Алматыдағы жасырын ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурс арқылы Алматы қаласы және еліміздің басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымда Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.