Балуандардың бапкерлеріне де сыйақы қарастырылған

Балуандардың бапкерлеріне де сыйақы қарастырылған
Сурет: ашық дереккөз

Астанадағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен балуандарға қанша сыйақы беріледі? Бұл сауалға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап,

«Бұл жарыста үш күрес түрінен еліміздің намысын 30 спортшы қорғайды. Олардың орта жасы грек-рим күресінен – 29 жас, әйелдер күресінен – 25 жас және еркін күрестен – 24 жас болып келеді», - деді комитет өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол чемипонат жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйлықтың көлемін атады.

«Азия чемпионатынан бірінші орын алған спортшыларға 2 300 доллар, екінші орын алғандарға 1 400 доллар және үшінші орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған. Осындай сыйақы жаттықтырушыларға да берілмек. Сонымен қатар, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атақ қарастырылған.