Балаларға арналған тегін үйірмелер мен секцияларға 50 миллиард теңге қажет

Балаларға арналған тегін үйірмелер мен секцияларға 50 миллиард теңге қажет
Сурет: Tengrinews.kz

Қаражаттың жетіспеушілігі үйірмелердің жұмысы мен балаларды оқытуға кедергі болып тұр.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір тегін үйірмелерге 70 мыңдай бала қатысады. Ал спорттық бағыттағы үйірмелерге 32 мыңдай бала кезекте тұр. АртСпортЭду қауымдастығы төрайымы елордадағы балалардың тегін спортпен шұғылдануына бөлінген 1,3 миллиард теңгенің мақсатқа сай игерілмегенін айтады.