Балалардың кәріз құдығына түсіп кету жағдайына байланысты Динара Зәкиева пікір білдірді

Балалардың кәріз құдығына түсіп кету жағдайына байланысты Динара Зәкиева пікір білдірді
Сурет: Polisia.kz

Екі аптаның ішінде Қызылорда мен Түркістан облыстарында балалардың кәріз құдығына құлап, көз жұму дерегі тіркелді.

Осы қайғылы оқиғаларға қатысты балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Екі жағдайда да кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі. Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, балалардың өліміне әкеп соққан салғырттыққа жол берген қызметкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Сондай-ақ бұл салаға жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен аудан әкімдерін де жауапқа тарту керек деп ойлаймын»,  - деді Динара Зәкиева өзінің жазбасында.