БАҚ өкілдеріне арналған мемлекеттік «Үркер» сыйлығында жаңа номинация енгізіледі

БАҚ өкілдеріне арналған мемлекеттік «Үркер» сыйлығында жаңа номинация енгізіледі
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті.

Министр «Үркер» шығармашылық байқауының үлкен бір аталымына Ахмет Байтұрсынұлы атауын беру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Ахмет Байтұрсынұлы және басқа да Алаш ардақтыларын ұлықтауда Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген іргелі істер атқарылып жатыр. Бүгін Ахаңның туған өлкесі Қостанайда үлкен той өту керек еді. Төтенше жағдай болып қалды. Қостанай халқына сабыр тілейміз», - деді Дархан Қыдырәлі елордада өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық конференцияда.

Министрдің айтуынша, бүгінде Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған ғылыми туындылар жазылып, деректі фильм түсіріліп жатыр.

«Биыл өтетін «Astana Media Week» халықаралық шарасында Ахмет Байтұрсынұлына арналған тақырып ұйымдастырамыз. Сол сияқты «Үркер» шығармашылық байқауының үлкен бір аталымына Ахмет Байтұрсынұлы атауын беру жоспарланып отыр», - дейді ол.