Ауруды айтатын «ақылды күртеше» ойлап табылды

Ауруды айтатын «ақылды күртеше» ойлап табылды
Сурет: ашық дереккөз

Ол жүрек ауруларын тез анықтай алады.

Денсаулығында ондай проблемалары бар адамдарға бүгінде электрокардиография жасалады. Ал мына технологияның дәлдігі одан да жоғары дейді ғалымдар. Оның 256 жеке электроды бар. Небәрі 5 минут ішінде тексеру жүргізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Демек мамандар уақыт жоғалтпай, бірден науқасқа көмек көрсете алады. Сонда Ұлыбританияда жүрегі ауыратын 2 миллион адам бұл технологияның пайдасын көруі мүмкін. Жобаны Лондон университеттік колледжінің ғалымдары жасап шығарған. Ал оны британдық кардиологиялық қор қаржыландырып отыр. 

Габи Каптур, дәрігер: - Бұл кеудешені кию оңай. Бірақ соның өзінде көп ақпарат береді. Біз жүректің үшөлшемді картасын аламыз десек болады. Осыдан кейін науқасқа магнитті-резонанстық томография жасалады. Кейін екеуінің нәтижелерін салыстыра отырып, нақты диагноз қоя аламыз.