Ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Сурет: 24.kz

Ерасыл Омаров үшінші орынға ие болды.

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының мәліметінше, Ерасыл Омаров 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Ерасыл қоссайыс қорытындысында 224 килограмм (100+124) жинады. Бұл салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальды олжалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Александра Беленко үздік үштікке ілінген еді.