AnyDesk қосымшасын орнатқан ақмолалық алаяққа алданып қалды

AnyDesk қосымшасын орнатқан ақмолалық алаяққа алданып қалды
Polisia.kz

AnyDesk қосымшасын орнатқан ақмолалық алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Ақмолалық полицейлер 8 қарашада өңір аумағында басталған “Hi-Tech” жедел алдын алу шарасы аясында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған алаяқтықты ашты. 3 қарашада Степногрск қаласының Полиция басқармасына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті.

Ер адам 2021 жылдың 5 қазанында белгісіз адам алдау жолымен оған тиесілі 247 мың теңге көлдемін ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.  Қаскүнем өзін ҚР банктерінің бірінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушінің шотындағы күдікті транзакциялар туралы хабарлағаны анықталды.

Ол адамға AnyDesk қашықтан басқару қосымшасын қолдана отырып, қаражатты қорғауды ұсынды және бұл қосымшаны телефонға жүктеуге көндірген. Қосымшаны орнатқаннан кейін алаяқ жәбірленушінің шотынан барлық қаражатты жалған шотқа аударған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.