Анна жеңімпаз атанды

Анна жеңімпаз атанды
Сурет: www.usopen.org/

Қазақ елінің тенисшісі Анна Данилина АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аралас жұпта (микс) додаға  кірген А.Данилина финляндиялық  Харри Хелиоваарамен тізе қосып  шеберлігін сынады. Финалдық сайыста қазақ-фин жұбы 1 сағат 15 минутта америкалық  Джесика Пегула мен Остин Крайчектен басым түсті.  Анна Данилина қазақ тенисшілерінің арасынан алғаш болып аралас жұпта «Үлкен дулыға» турнирінің  чемпионы атанды.