«Алтын белгі» баладан гөрі ата-анаға қажет

«Алтын белгі» баладан гөрі ата-анаға қажет
Сурет: Sputnik.kz

Мұндай пікірді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев білдірді. 

Министр ата-аналар балаларының «Алтын белгі» алулары үшін түрлі заңсыз әрекеттерге баратынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алтын белгі» баладан гөрі ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні» баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.

Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. Малахов және оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Оған ағарту саласының барлық мамандары қатысуда.

Бұған дейін министрлік ең көп заң бұзушылықпен мұғалімдерді қабылдау фактілері тіркелген аймақтарды атаған болатын. Мұндай жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданы көш басында тұр.