«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері баж төлеуден босатылады

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері баж төлеуден босатылады
Сурет: Polisia.kz

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері терминалдар арқылы жеке куәлік пен төлқұжат аларда мемлекеттік баж салығын төлеймеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл санатқа соғыс ардагерлері, мүгедектер, әлеуметтік мекемелерде тұратын егде адамдар мен жетім балалар да жатады. Чернобыль апатынан зардап шеккендер де төлемнен босатылады. Терминал арқылы өтініш беруге, фотосуретке де түсуге болады.