Алматының туған күніне орай «Гүл Алматым» атты концерт өтеді

Алматының туған күніне орай «Гүл Алматым» атты концерт өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Концертке Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мен ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қатысады.

Алда келе жатқан «Алматы күні» қарсаңында, 14 қыркүйек күні, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы сахнасында «Гүл Алматым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дирижер: Қанат Ахметов – ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Бейімбет Демеуов –  Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бағдарламада:

  1. Қ.Ахметов «Жел қанатты Қазақстан»
  2. М.Сағатов «Алматым»
  3. Е.Ынтықбаев «Алматым-ай»
  4. Е.Хасанғалиев «Алматының алмасы»
  5. «Алатау рапсодия»
  6. Е.Рахмадиев «Құдаша Думан»
  7. Е.Ынтықбаев «Қазақ елі»
  8. А.Зацепин «Гүл Алматым»
  9. «Қыздар-ай»
  10. «Ахау – керім»
  11. Аққурай
  12. «Ирландский танец»
  13. Жоржи Бен Жор «Mas Que Nada»
  14. Фалик-Пьяцолла «Незнакомка»