Алматының тау бөктерінде жаппай бәйшешек гүлдеді

Алматының тау бөктерінде жаппай бәйшешек гүлдеді
Сурет: Instagram/dots_foto

Алматының тау бөктерінде бәйшешек гүлдеді

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко көктем гүлінің қар мен мұзды жарып шыққан сәтін түсіріп, Instagram парақшасына жүктеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
"Жыл сайын алатау бәйшешегін суретке түсіремін, жыл сайын түрліше болып шығады. Бұл жолы мен ең алғашқы гүлдің еріген қар мен мұзды жарып өткен сәтін түсіріп алдым", - деп жазды ол.

Фотограф нәзік гүлдің жылу мен күнге жол табатын күштілігіне таңданды.