Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға  байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бүгін түсте жауған жаңбыр  ертеңге дейін жауады деп болжануда.

Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм  әзірленді. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Алматы қаласында 14 қазан күні  таңға  дейін кейде қатты жаңбыр жауады, биіктігі 10-15 мм, Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін, күндіз ауа температурасы +14 градусов+16 градус, түнде +3...+5.