Алматының дизайн-коды кезең-кезеңімен енгізіледі

Алматының дизайн-коды кезең-кезеңімен енгізіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының дизайн-кодын енгізу кезінде жаңа тәсілдерге бейімделу үшін 1,5 жыл өтпелі кезең қолданылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы мәслихатының кезекті XIII сессиясы барысында хабарлады.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес дизайн-код бекітілгеннен кейін кезең-кезеңімен енгізіледі. 

«Жаңа нысандар үшін ұсыныстар мен талаптар толықтай қолданылады. Кәсіпкерлерді ерікті әрі белсенді түрде дизайн-код қағидаттарын енгізуге ынталандыру және сол арқылы қаланың келбетін жақсарту үшін қолданыстағы нысандарға кешенді түрде жақындаймыз», - деді Алматы әкімінің орынбасары дизайн-кодты әзірлеу кезінде барлық нормативтік-құқықтық талап сақталғанын айтты.

Оның айтуынша, дизайн кодының сайт сервисі әзірленген. Бұл ақпарат жинауға және білім алмасуға арналған орталық алаң. Сайт дизайн кодты енгізу кезінде диалог алаңы болады.

Дизайн-кодты әзірлеу кезінде қалалық ортаның негізгі нысандарын кім қалыптастырады және кім пайдаланады деген мәселе анықталды. Зерттеулер негізінде тұрғындар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің және креативті қоғамдастықтың өкілдері, сонымен бірге дизайнерлер мен әзірлеушілер сынды дизайн кодқа бей-жай қарамайтын мүдделі тараптар анықталды.

«Қатысушылардың пікірі мен мүддесін жан-жақты есепке алу дизайн-кодты кешенді және теңдестірілген құжат ретінде қалыптастыруға ықпал етті. Бұл тәжірибеде өзгерістер енгізе бастағанда пысықталатын құжат», - деді Асқар Әмрин.