Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды

 Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

 "Егер 2022 жылдың аяғында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңгені құраса, 2023 жылы ол 160 млрд теңгеге – ағымдағы жылдың қараша айында 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл Алматы қаласының бюджет шығыстарының 44,7%–ын құрайды", - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және  модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.