Алматылық спортшы 2024 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны жеңіп алды

Алматылық спортшы 2024 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны жеңіп алды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілі Ислам Сәтбаев Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия ұтып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бакуде (Әзірбайжан) өткен әлем чемпионатында спортшы пневматикалық мылтықтан (10 метр) төртінші орын алды. Бәсекелестік бағдарламаның бұл түрінде төрт квота ойналды.

Бұл ретте Сәтбаев Қазақстанның рекордын орнатты-632,7 ұпай.

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 2023 жылдың 14 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында өтуде.