Алматыға келген түрік актерін жанкүйерлері шошытып алды

Алматыға келген түрік актерін жанкүйерлері шошытып алды
Сурет: Astanatv.kz

29 қыркүйекте Алматыда түрік актері Бурак Озчивиттің фан-кездесуі өтті.

Кездесу кезінде түсірілген видеолар желіде пайда болды. Солардың бірінде шетелдік актермен суретке түскісі келгендердің таласы сипатталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өзіне қарай жүгірген жергілікті жанкүйерлер актерді шошытып жіберді. Суретке түсуге асыққандар оны жан жақтан тартқылап та есін шығарды.

Негізі, актер орындықта отырып, адамдар сұрағына жауап беруі керек болған. Алайда онымен бірге суретке түскісі келгендер толастамаған. Ал осы кездесуді ұйымдастырғандар қалың адамды тоқтата алмаған.

Желіде пікір қалдырушылар шетелдік қонақтарды елімізде қабылдау мәдениетінің төмендігін сынаған.

Сурет: kinoafisha.info сайтынан