Алматыдағы емханаларға тіркелу науқаны кезінде тұрғындардан 45 мыңнан астам өтінім түсті

Алматыдағы емханаларға тіркелу науқаны кезінде тұрғындардан 45 мыңнан астам өтінім түсті
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы екі ай ішінде елімізде 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жыл сайын емханаларды еркін таңдау бойынша тіркелу науқаны өткізілді.

Тіркелу қорытындысы бойынша брифинг Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Лайла Иманғалиева журналистер алдында сөйлеген сөзінде азаматтарды ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан МСАК ұйымына медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратындар тұрақты немесе уақытша тұратын жері (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады.

Тіркеу науқаны кезеңінде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін барлығы 45.950 сұрау салынды, оның ішінде 38.667 (84.2%) жеке тұлға Egov.kz порталы арқылы жолдады және 7.283 (15.8%) қағаз түрінде өтініш берді. Жолданған сұраулардың жалпы санынан 36.635-і (79.7%) мақұданса, 9.02- ін (19.6%) медициналық ұйымдар 290 (0.7%) қабылдамады. 

Қағаз өтініш арқылы жіберілген өтінімдердің ең көп саны мынадай ұйымдарда байқалды: 91-емхана – 2858 өтінім және «Nurlab medical clinic №1» ЖШС - 2 654 өтінім.
Egov.kz порталы арқылы: «KazMed Company» ЖШС - 7 345 сауал, « 91 емхана» ЖШС – 6815 өтінім, «Nurlab medical clinic №1» ЖШС – 5572 өтінім және «Shipager Almaty» ЖШС – 3157 өтінім.
Науқанға алғаш рет қатысқан медициналық ұйымдардың тіркеуі бойынша өңделген сұраулар саны 30 553 құрады. Бұл келесі медициналық ұйымдар:
«ZhanMed Clinic» ЖШС – 4
«Shipager Almaty» ЖШС – 3061
 «Асыл-Мed и К» ЖШС – 7
«Nurlab medical clinic №1» ЖШС –6661
«KazMed Company» ЖШС – 6358
«GALA medical» ЖШС – 2340
«ESEM Pharmacy» ЖШС – 51
«AVAK Group» ЖШС – 255
«Omir Uzaq by Mukhametova Neilya» ЖШС - 1
«Аура-Мед» ЖШС - 1052
«Аймақтық диагностикалық орталық» - 261
«Поликлиника 91» ЖШС - 8017
«АЛЬТА» медициналық орталығы – 721
«Grannus» емдеу орталығы ЖШС - 980
«ASIA MED clinic» ЖШС – 284