Алматыдағы бокс кеші: Жанқош Тұраров IBO чемпионы болды

Алматыдағы бокс кеші: Жанқош Тұраров IBO чемпионы болды
Сурет: Ашық дереккөз

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-шы жеңісіне қол жеткізіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.

Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сітеме жасап.

Кештің басты айқасында Ж.Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтті.

Sports.kz сайтының жазуынша, 10 раундқа есептелген айқас қазақстандық боксшының жеңісімен жетінші раундта аяқталды: ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-шы жеңісіне қол жеткізіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.

Ал Луис Энрике Ромеро профи-рингте үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұған дейін Ж.Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион болған еді.

Қазақстан боксшылары 11 желтоқсан күні Алматыдағы «Барыс Аренада» өтетін кеште бірден үш титулды айқас өткізетінін жазған едік.

Бүгінгі кеште сондай-ақ Ангелина Лукас Танзания өкілі Лулу Каягені (8-8-4, 2 КО) жеңіп, UBO-ның әлем чемпионы атанды.