Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
Сурет: Rus.azattyq-ruhy.kz

Әлеуметтік салада қызмет ететін мамандардың еңбегін бағалау

Алматыда ең үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды. Салтанатты шарада жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Байқаудың мақсаты - әлеуметтік салада қалтқысыз қызмет ететін мамандардың еңбегін бағалау. Бүгінде Алматы қаласында жалғыз қалған қариялар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер көмек көрсетіп жүр. Салтанатты шарада ең үздіктері іріктелді. Оза шапқан 37 маманға құрмет көрсетілді.

«Өзім де мүмкіндігі шектеулі баланың анасымын. Мен бұл салаға балам арқылы келдім. Қоғамда осындай балаларға өзгерістер жасаса екен дейміз. Қоғамға кіріктірсе екен дейміз. Қазір жастар қорықпай осы салаға келіп, жұмыс істесе екен дейміз. Кең жүректі, сабырлы жандар ғана бұл салада жұмыс атқара алады», - дейді байқау жеңімпазы Ақмарал Тілепова.