Aлматыда Зинеш Әбішеваға арналған ескерткіш тақта ашылды

Aлматыда Зинеш Әбішеваға арналған ескерткіш тақта ашылды
Сурет: Almaty.tv

Ол сирек шашыраңқы элементтер металлургиясы саласында ғылыми мектеп ашты.

 Алматыда көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, еліміздегі Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері Зинеш Әбішеваға арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Ғылым шыңын бағындырған ол сирек металдар металлургиясымен айналысқан. Іргелі зерттеулер жасап, Қазақстандағы жаратылыстану ғылымдарының дамуына қомақты үлес қосты.  Бүгінде көрнекті ғалымның қол жеткізген жетістіктері мен ғылыми жаңалықтары өндіріске енгізілген. 

«Докторлық диссертацияны қорғаған көп жылдар өндірісте істеді. Сол кезде радиогенді осмийді алу технологиясын алған алғашқы ғалым болып саналады. Қазақстандағы бірінші ғалым болып есептелінеді. Ол кісі ғылым ортасында жүріп, Сәтбаев университетінде  кадрлар дайындауға академиялық ортаға келді», – деді Ө. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының директоры Қанай Рысбеков.

Мемориалдық тақтаның ашылуына жиналған зиялы қауым Зинеш Әбішева өзі қызмет істеген жердің бәрінде халқымыздың болашағы үшін аянбай еңбек еткенін еске алды. Профессордың артында 640-тан астам еңбегі қалды. 86 авторлық куәлігі бар. Ол сирек шашыраңқы элементтер металлургиясы саласында ғылыми мектеп құрды. Он шақты техника ғылымдарының кандидатын, екі PhD докторды дайындады.

«Сол салада ғылыми мамандар дайындау. Заводтарда өзінің технологиясын енгізіп, сол пайдалы қазбалар жөнінен  еңбек ашып, алған патенттері бар. Барлығы сол Зейнеш Садировнаның арқасында сол кісінің ғылыми мектебінің арқасында іске асты», – деді Металлургия және кен байыту институтының бас ғылыми қызметкері Сұлтанбек Қожахметов.