Елімізде ҰБТ нәтижесінде 137 абитуриент білім грантынан айырылды

Елімізде ҰБТ нәтижесінде 137 абитуриент білім грантынан айырылды
Сурет: Naqtygazeti.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеу барысын видео таспадан тексеру нәтижесінде 137 қазақстандық мемлекеттік білім грантынан айырылды.

Былтыр гранттан қағылғандардың саны 38 еді. Яғни, олар ереже бұзып, басқа адамның көмегіне жүгінген және талаптан тыс тәсілмен тест тапсырған. Ал, босаған гранттар балл көрсеткіші бойынша келесі кезекте тұрған адамға беріледі.

«Тағы да бір айта кететін нәрсе - бұл тексерістер ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Себебі, балалардың қолындағы сертификат сол уақытқа дейін жарамды», - Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.