Алматыда Жеңіс күніне ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарлануда

Алматыда Жеңіс күніне ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарлануда
almaty-akshamy.kz

Тұрғынның сұрағы: 
Алматыда Жеңіс күніне байланысты тұрғынның сұрағы: 
-  Алдымызда  9 мамыр. ҰОС-ның  ардагерлерінің қатары, өкінішке орай, жыл сайын азайып келеді. Өткен жылдары оларға материалдық көмек көрсетілді. Білейін дегенім, биыл соғыс ардагерлеріне көмек қарастырылған ба? Екінші сұрағым - Ауған ардагерлеріне де қандай да бір көмек көрсетіле ме? 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: 
- 9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке орай, біздің  ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды құттықтауға мүмкіндік алдық. Көмек туралы – қаражат қарастырылған, біз әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым. 
Ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқаларға да материалдық көмек көрсетеміз. 9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүлшоқтары қойылады, мерекелік концерт болады. Біздің ардагерлерге қаланың барлық аудандарында құрмет көрсетіледі. 
Біз бұл мерекеге ерекше дайындалып,  үлкен назар аударамыз. Мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдерімен бірге мен өзім  олардың әрқайсысына  барып, Жеңіс күнімен жеке құттықтаймыз.