Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалып тасып, ауа ластанады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК

«2023 жылғы 30 қазанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.