Алматыда жас жұбайлар дауыс берді

Алматыда жас жұбайлар дауыс берді
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Бүгін Алматыда отбасы құрған жас жұбайлар азаматтық міндетін орындау үшін өз сайлау учаскесінде дауыс берді.

 «Үйлену бұл – екі жанның бір-бірін ұнатуын ғана білдірмейді. Ол – болашаққа нақты қадам жасау»,-деген еді танымал классик бір кездері.

Алматыдағы Ізбасар отбасы осы сөздің дәлелі бола алады.  Ерлі-зайыптылар бұл күні  неке қиып қана қоймай, бірауыздан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына баруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жас жұбайлар өздерінің болашағы олардың дауыстарына байланысты екенін түсінеді. 
Дауыс беруге қалыңдық ақ көйлек, күйеу жігіт классикалық костюм киіп келді. Олар Бостандық ауданындағы №270 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жастарға бақыт тілейміз!