Алматыда жаңа перинаталдық орталық салынады

Алматыда жаңа перинаталдық орталық салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа перинаталдық орталық салынып, 4 медициналық мекеме жөнделеді

2023 жылға арналған денсаулық сақтау саласының бюджеті 1,2 млрд теңгеге ұлғайтылды. Қаражат қолданыстағы медициналық мекемелерді жөндеуге және жаңаларын салуға бағытталады, бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. 

«Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Бұған бюджеттен 600 млн теңге бөлу қажет», – деп атап өтті Қанат Сухамбеков. 

Қазіргі уақытта Қарасу ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуда. Ол пайдалануға берілсе Алатау ауданында тұратын 5 мыңға жуық адамды алғашқы медициналық көмек көрсетумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Дарабоз ш/а 200 төсектік перинаталды орталық салу және Бегалин көшесіндегі «Жанұя» арнайы кешенінің ғимаратына қосалқы нысан салу жоспарланған.