Алматыда жаңа несиелік бағдарлама іске қосылады

Алматыда жаңа несиелік  бағдарлама іске қосылады
Сурет: Statusproperty.ru

«Өнеркәсіптік ипотека» 2023 жылдан бастап енгізіледі деп жоспарлануда.    

Жаңа несиелік өнім «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Жеңілдетілген ипотеканы шағын индустриялық парк салуға ниет білдірген компаниялар да, өндіріс алаңдарын сатып алғысы келетін кәсіпкерлер пайдалана алады.

Жылжымайтын мүлікті индустриалды парктерді сатып алу кезінде кепілдік ретінде пайдалануға болады. Бұл кәсіпкерлердің жүктемесін айтарлықтай азайтады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының индустриалды аймағында және тоқтап тұрған, тиімсіз өндірістік базалар аумағында шағын индустриялық парктерді дамыту белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мұндай учаскелер барлық қажетті техникалық шарттармен және коммуникациялармен қамтамасыз етілген. Шағын индустриалды парктердің артықшылықтарының қатарында үй-жайларды кейіннен сатып алумен төмендетілген мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігі бар.