Навои көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Навои көшесінде көлік жүрісі уақытша  шектеледі
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қалалық мобилділік басқармасы  10 тамызда Навои көшесінің бір бөлігі жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 тамыз сағат. 23:00 мен 11 тамыз сағат. 06:00 аралығында Навои көшесінің Торайғыров көшесінен Тоқтабаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.