Алматыда үш жігіт күш қолданып, студент жігітті тонап кетті

Алматыда үш жігіт күш қолданып, студент жігітті тонап кетті
Сурет: Polisia.kz

Олар жәбірленушінің ұялы телефонын қолды еткен.

Тонау дерегін Бостандық ауданының полиция қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-rt сілтеме жасап. 

«Қылмыс түн жарымында Ғабдуллин мен Манас көшелерінің қиылысында болды. Үш жас жігіт күш қолданып, 19 жастағы жасөспірімнің ұялы телефоны мен құлаққабын ұрлап кеткен. Қылмыстық жоспар студенттердің басына әп-сәтте келді. Олардың әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізгеннен кейін, жәбірленушіге жүгіріп барып, қолынан ұялы телефон мен құлаққапты жұлып алып, қашып кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында сол күні 27 жастағы Ж.есімді азамат пен 25 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Үшінші қатысушы қазір іздеуде, бірақ оның жеке басы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Ұялы телефон мен құлаққап тәркіленіп, айғақты зат ретінде іске қосылды», – деді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты айыпталушыларға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Олардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.