Алматыда тірідей жанып кеткен электрикке қатысты тергеу басталды

Алматыда тірідей жанып кеткен электрикке қатысты тергеу басталды
Сурет: Рixabay

Бұл туралы бейнежазба Egovpress Telegram арнасында жарияланды.

13 қазан күні қалалық полиция осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда электр желілерін жөндеп жатқан электрик тірідей жанып кеткен. Қалалық полиция сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Желіде тараған хабарламада Алматыдағы тұрғын үй кешендері бірінің басшылығы электрикті жұмысқа жабдықсыз жібергені айтылған.

"Салдарынан электрик тірідей өртеніп, бағанаға жабысып қалды", – дейді автор.

2023 жылғы 13 қазан күні қалалық полиция осы фактіге байланысты Түрксіб полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр", деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.