Алматыда танымал әртістер таңдау жасады

Алматыда танымал әртістер таңдау жасады
almaty-akshamy.kz

Алматыда өз сайлау учаскелерінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов, опера әншісі, ҚР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев және эстрада әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова дауыс берді. 

Сонымен қатар, алматылық Әсима Әбілдинова туған күнінде Бостандық ауданындағы №299 сайлау учаскесіне келіп, сыйлық алды. Елдің болашағы үшін берілген әр дауыстың маңызды екенін атады.