Алматыда «TALQYLAU» қоғамдық диалогы алаңы жұмысын бастады

Алматыда «TALQYLAU» қоғамдық диалогы алаңы жұмысын бастады
Сурет: Almaty.tv

«AMANAT» партиясының жастар саясатына байланысты жұмысы талқыланды

«Жастар – ел тірегі, ел болашағы». Осындай атаумен Алматыда «TALQYLAU» қоғамдық диалогы алаңы жұмысын бастады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жиын барысында «AMANAT» партиясының жастар саясатына байланысты жұмысы талқыланды. Қала белсенділері диалог алаңында өздерінің ойын ортаға салып, қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, «Жастар рухы» жастар қанатының атқарып жатқан жұмысы жайында да сөз болды

«Кез-келген қоғамның көп бөлігін жастар құрайтын елде жастарға қатысты тақырып өзекті әрі маңызды болып табылады. Сондықтан да бүгінгі диалогтық алаңда көтеріп жатқан тақырып жастарға қатысты болғандықтан өзім спикер ретінде қатысып, мәселелерді көтеруге тырыстым», – деді «AMANAТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Әкежан Кеңесов.