Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді
Сурет: Azh.kz

 Алматыда 2 балл көлемінде жер сілкінісі сезілді.  

Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы — 12.6.
Магнитудасы — 5.4.

Тереңдігі — 10 шақырым.