Алматыда сұлулық салоны мен азық-түлік дүкені орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді

Алматыда сұлулық салоны мен азық-түлік дүкені орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді
Сурет: Astanatv.kz

Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды. 

Алматы қалалық ТЖД-ның ақпараты бойынша, бүгін сағат 12:21-де 101 пультіне Наурызбай ауданы, Жандосов көшесі, 11 А мекенжайында өрт шыққаны туралы тұрғындардан 7-10 хабарлама түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өрт сөндірушілер 6 минутта жеткен сәтте екі қабатты ғимарат шатырының жабындысы мен ғимараттың сырты өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 100 шаршы метрді алып, өрттің көршілес екі қабатты тұрғын үйге таралу қаупі туындады. Өрт сағат 12:37-де оқшауланып, сағат 12:43-те жойылды», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы сұлулық салоны мен бірінші қабаттағы азық-түлік дүкенінің, жапсарлас салынған үй-жайларды өрттен аман алып қалды.

«Сонымен қатар, өрттің шаштаразға және іргелес ғимараттағы тұрмыстық химия дүкеніне өтуіне жол берілмеді. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықтау үшін оқиға орнында Өрт сөндіру зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады департаменттен.