Алматыда діни әдебиеттерді тарататын орындардың тізімі жаңартылды

Алматыда діни әдебиеттерді тарататын орындардың тізімі жаңартылды Almaty-akshamy.kz

Тиісті заң жобасына Алматы қаласы Дін істері басқармасы ұйытқы болды: оны барлық мүдделі азамат талқылай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» әкімдік қаулысының жаңа жобасын әзірледі. Осы жобаға қосымшада діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға рұқсат етілген қала аумағындағы 29 тұрақты үй-жайлардың тізімі көрсетілген. Осы қаулының жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылған талаптарға жауап береді. Ол нормативтік құқықтық акт www.legalacts.egov.kz интернет-порталда 07.08.2023 ж. 24.07.2023 ж. дейін орналастырылған. Барлық мүдделі азамат мына сілтеме бойынша жобаны талқылауға қатыса алады:


https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14641241 


Естеріңізге сала кетейік, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.  


Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 4/945 қаулысымен 27 арнайы тұрақты үй-жай анықталды. Аталған Қаулы бекітілгеннен бері Заңға өзгерістер енгізіліп, нормативтік құқықтық актілердің мазмұны да түзетулерді талап ететіні белгілі болды. Сонымен қатар, тізімде көрсетілген бірқатар ұйым өз қызметін тоқтатты. Бұдан бөлек, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жаңа тұрақты үй-жайларды бекітті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17