Алматыда салынып жатқан үй өртенді

Алматыда салынып жатқан үй өртенді
Сурет:Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті

Бір сағаттай уақытта өрт ауыздықталды.

Алматыда салынып жатқан екі қабатты үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт туралы ақпарат Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні сағат 10: 41-де түскен.

«Өрт сөндірушілер Бостандық ауданы Мирас Д. 29/1, мекен-жайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген сәтте екі қабатты салынып жатқан үйдің мансарды жанып жатты. Өрттің тез таралуына шатырдың тез жанғыш материалдардан салынғаны себеп болды»,- деп хабарлады ведомстводан.