Алматыда «Мейірім мекені» деп аталатын орталық пайдалануға берілді

Алматыда «Мейірім мекені» деп аталатын орталық пайдалануға берілді
24 kz

Алматыда 50 отбасыға арналған «Мейірім мекені» деп аталатын орталық пайдалануға берілді. Ғимарат жеке кәсіпкердің қаржысына салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24 kz сілтеме жасап. 

Бұл үйде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен жалғызбасты аналар тегін тұрады. Коммуналдық төлемге дейін кәсіпкердің өзі төлейді.

Ғимарат үш жыл ішінде бой көтерді. Оны салған кәсіпкердің анасының айтуынша, мұқтаж жандарға көмек көрсету отбасының ортақ шешімі екен.

«Мейірім мекенінен» кімдерге орын берілетінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған комиссия шешеді. Әуелі 5 жылға келісімшарт жасалады. Тұрғындар осы уақыт ішінде жұмыс істеп, жағдайын түзеуге ұмтылуы тиіс.

«Мейірім мекені» үйінде тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі бар. Төсек-орын, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникалық заттар да алынған. Бұған қоса аптасына екі рет өзге де кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік таратылады.