Алматыда мектеп оқушылары жол қауіпсіздігі бойынша науқанға қатысты

Алматыда мектеп оқушылары жол қауіпсіздігі бойынша науқанға қатысты
Сурет: Polisia.kz

Бұл “Назар аударыңыз, балалар!” іс-шарасы аясында өткізілді.

Оның мақсаты – балалардың жарақаттануының алдын алу, жол-көлік оқиғаларының өсуін азайту, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның себептерінің бірі – балалардың жол қозғалысы ережелерін білмеуі. Сондықтан балалардың құқықтық санасын арттырып, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, жолда өзін-өзі ұстауға дағдыландыру қажет. Осыған байланысты, Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты қала әкімдігімен, полиция департаментімен және С.Демирел атындағы лицеймен бірлесіп, оқушыларға жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту бойынша іс-шара өткізді. Мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ жас жол қозғалысына қатысушыларға жолдың жүру бөлігін қауіпсіз кесіп өту ережелерін түсіндіру.